Семсерлесуден Джакарта (Индонезия) қаласында кадеттер мен юниорлар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында мектебіміздің спортшылары табысты өнер көрсетуде.
Кадеттер арасындағы жекелей сында Қайым Айбар қола жүлдені иеленіп, ел мерейін үстем етті. Ал кадет қыздар арасындағы командалық бәсекеде Лесовская Полина бастаған құрам үздік үштіктен көрініп, үшінші орынға қол жеткізді.
Жас спортшыларымыздың бұл жетістіктері – қазақстандық семсерлесу мектебінің қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Алда бозкілемге шығатын юниорларымызға толағай табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!





