Біздің тарихымыз

«К. Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»

К.Ахметов атындағы ОРРММИК Қазақстандағы бұрыннан бергі спорттық оқу орындарының бірі. Бұл үздік спорттық кадрлардың ұстасы болған орын.

Диқаншылар көшесінде (қазіргі Байзақов көшесі) 1950 жылдан 1954 жылға дейін №53 орта мектебінің құрылысы салынады.

1954 жылдың қыркүйегінде оқу орнының есігі алғашқы оқушыларына айқара ашылады.

1965 жылдан бастап ХББ қалалық бөлімінің шешімімен мектеп  спорттық бағыттағы №8 орта білім беретін мектеп-интернаты атанады.

1989 жылы №2 олимпиадалық резерв училищесі, ал 1994 жылы олимпиадалық резерв училищесіне Каркен Ахметов аты беріледі. 1998 жылдан бастап  К. Ахметов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі болады. 2012 жылы РСМИ негізінде олимпиадалық резерв колледжі болып ашылып, қазіргі уақытта «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» аталынады.

1965 жылдан бастап осы уақытқа дейін мектепті 5000-нан аса оқушылар бітіріп шықты. Осы жылдар ішінде мектеп 15 еңбек сіңірген спорт шебері, 200-ден аса халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 600 ден аса спорт шебері даярлап шығарды. Жыл сайын К.Ахметов атындағы ОРРММИК тәрбиеленушілері түрлі бастамаларда 300 ден аса жеңіске қол жеткізіп жүр. 

Бұл оқу орнының қабырғасында бес Олимпиадалық ойындарының чемпионы даярланды. Олар: Анатолий Быков (грек-рим күресі), Владимир Резниченко (семсерлесу) Ресей атынан, кейіннен Германия атынан шығады, Александр Парыгин (бессайыс), Сергей Котенко (су добы) және Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика). Мектеп басқа да тәрбиеленушілерінің төртжылдықтың негізгі бастамаларында жүлдегер болғандарын мақтан етеді: Софья Великая (семсерлесу), Асхат Житкеев (дзюдо),  Денис Тен (мәнерлеп сырғанау), Сметов Елдос (дзюдо). Әлем чемпионаттарындағы алғашқы жүлделі үштікке ілінген 45 атлеттер де біздің оқу орнында оқып,  басты мәреге осы жерде дайындалады.

К.Ахметов атындағы ОРРММИК басшылары:

1. 1965 жылдан 1968 дейін — Самсонов Александр Михайлович, алғашқы ұйымдастырушы, алғашқы басшы.

2. 1968 жылдан 1984 дейін — Страшков Олег Леонтьевич, ҰОС қатысушы, еңбек ардагері.

3. 1984 жылдан 1994 дейін — Карнаухов Гарри Захарович, КСРО және Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі.

4. 1994 жылдан 2006 дейін — Килибаев Құдайберген Исабекович, Қазақстан Республикасы білім беру үздігі.

5. 2006 жылдан 2016 дейін — Джапаров Талғат Мұратович, ҚР спорт және туризм Академиясының құрметті профессоры.

6. 2016 жылдан 2022 жылға дейін — Қарақов Сейлхан Бақтығалиевич, доцент, ҚР спорт және туризм Академиясының профессоры.

7. 2022 жылдан 2024 жылға дейін — Ибраимов Ернар Таласбекович.

8. 2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін — Құлбаев Айбол Тіналұлы, PhD докторы, қауымдастырылған профессор

Каркен Ахметов Қазақ КСР министрлік кеңесінің жанындағы спорткомитетінің бірінші төрағасы болады. Ол 1959 жылдан 1971 жылға дейінгі аралықта республикадағы спорт ұйымын басқарады. Дәл осы кезеңде қазақстандық атлеттердің қазіргі жеңістерінің іргетасы қаланады. Жазғы хоккейшілер, су добы ойыншылары, регбисттер, волейболшылар, палуандар, боксшылар және спорттың басқа түрлерінің ойыншыларының алғашқы жетістіктері осы кісінің атымен байланысты.

К. Ахметов есімі айрықша басшы болған еді. Ол спортпен ғана өмір сүрді, шығармашылықпен айналысты. Оның тұсында тау бөктеріндегі «Медеу» мұз айдыны, Орталық стадион сияқты ірі спорттық объектілердің құрылыстары басталды. Республикамызда  Одақтағы бәсекеге қабілетті спорт ұжымдары пайда болды. Бұл кезең К. Ахметовтың үлкен үлес қосқан қазақстан спортының қалыптасу дәуірі боп саналады.