Мектеп-интернат 16 олимпиадалық спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларынаспорттық резерв дайындайды:
Баскетбол (жасөспірімдер), грек-рим және еркін күрес, су добы (жасөспірімдер), велоспорт, волейбол(қыздар), спорттық және көркем гимнастика, байдарка және каноэде есу, дзюдо, жүзу, үйлесімді жүзу, ауыр атлетика, семсерлесу, қазіргі бессайыс,теннис.
Мектеп-интернатқа 2020-2021 оқу жылына 7 сыныптан бастап оқушылары қабылданады, үміткерлер таңдаған спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде немесе спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда алғашқы спорттық дайындықтан өтуі және спорттық разрядтар мен атақтар орындау бойынша қойылатын талаптарды орындаған болуы міндетті. Келесі спорт түрлері бойынша:
1. Дзюдо.
2. Су добы (жасөспірімдер)
3. Грек-рим күресі
4. Еркін күрес
5.Велоспорт
6. Байдарка және каноэде ескек есу
7.Волейбол
8.Баскетбол
9. Жүзу
10. Семсерлесу
11. Үйлесімді жүзу
12. Ауыр атлетика
13.Спорттық гимнастика
14. Көркем гимнастика
15. Қазіргі бессайыс
Құжаттарды қабылдау және медициналық комиссия жұмысы 2020 жылдың 1 маусымнан — 20 тамызға дейін аралығында жүргізіледі (сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00).
Қабылдау емтихандары 2020 жылдың 21-26 тамыз аралығында өткізіледі.
Мектеп-интернатқа оқуға түсушілер келесі тесттерді тапсырады:
Жалпы дене дайындығы бойынша:
1. Турникке тартылу
2. Орыннан ұзындыққа секіру
3. Уақытқа (1 мин) кеудені көтеру (пресс қыздар)
4. 60 метр қашықтыққа жүгіру
5. Бұрышты ұстап қалу (швед қабырғасында 90 градус бұрышта секундпен)
6. 500 метр қашықтыққа жүгіру
Арнайы дене дайындығы бойынша:
— таңдалған спорт түріндегі қажетті қозғалыс дағдыларын және техникалық дайындығын бағалайтын арнайы жаттығулар
2020 жылдың 26 тамызында барлық талапкерлер жалпы білім беру пәндері бойынша сұхбаттасу және психологиялық тест тапсыраудан өтеді.
Мектеп-интернатқа түсетін талапкерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1. Ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен К. Ахметов атындағы ОРРММИК директорының атына өтініш (еркін формада);
2. Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаты немесе туу туралы куәлік ЖСН бірге (туу туралы куәлігінің көшірмесі ЖСН бірге немесе жеке басын куәландыратын құжат нотариалды расталған);
3. Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі немесе заңды өкілінің құжаттарының көшірмесі;
4. Сурет 3х4 – 6 дана;
5. Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың үзінді уәкілетті органның мөрімен расталған, ал спорттық разрядты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталған;
6. Спортшының жеке карточкасы;
7. Бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген әртүрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыс хаттамалардың көшірмелері.
Сондай-ақ медициналық комиссиядан өту үшін денсаулық жағдайы туралы келесі құжаттар тапсырылады:
1. Форма № 026 (баланың жеке картасы) мектептен;
2. Форма № 063-у. Профилактикалық егулер картасы, мектептен;
3. Денсаулық паспорты, мектептен;
4. Форма № 112. Амбулаторлық карта. Тұрғылықты жері бойынша емханадан;
5. Кеуде қуысының флюорографиясы (15 жастан бастап);
6. Манту реакциясы әрдайым оң болған жағдайда фтизиатрдан анықтама;
7. Егер бала «Диспансерлік» тіркеуде тұрған болса, маманның ағымдағы жылдағы қарауы мен спорт мектебіне баруға рұқсаты;
8. Жалпы қан талдамасы;
9. Жалпы зәр талдамасы;
10. Жүректің ЭКГ, УЗИ;
11. Стоматологтан тіс санациясы туралы анықтама;
12. Эндокринологтан анықтама;
13. Құрсаққуысы органдары мен бүйректің УЗИ;
14. Эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама
15. 2 қалам, 2 қалың дәптер
Медициналық комиссиясының рұқсатынан кейін ғана талапкерлер емтихан тапсыруға жіберіледі.
Қабылдау кезінде қабылдау емтихандары негізгі рөл атқарады, спортшының халықаралық және республикалық жарыстарға қатысқандығы міндетті түрде қарастырылады.