Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай волейболдан достық турнирі

2021 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай “Кәркен Ахметов атындағы ОРРММИК” РММ-нің ойын залында спорт интернаттары қызметкерлері арасында волейболдан турнир өткізілді. Турнирге Алматы қаласының “Шаңырақ” шағын ауданындағы ОРРММИК, Республикалық спорт колледжі және “К. Ахметов атындағы ОРММИК” қызметкерлері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша: 🥇🏀 1 орынды К. Ахметов атындағы ОРРММИК командасы жеңіп алды.🥈🏀 2 орынды “Шаңырақ” шағын ауданындағы ОРРММИК командасы.🥉🏀 3 орынды Республикалық спорт колледжінің қызметкерлерінің командасы иеленді. Кездесу достық қарым-қатынас және жақсы көңіл-күй сыйлады. Барлық қатысушыларға үлкен рахмет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *