24.09.2021 ж. К.Ахметова атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде «Діни экстремизм, лаңкестік — бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс -шараға арнайы шақырылған қонақтар: дінтану магистрі, Алматы қалалық әлеуметтік даму басқармасының бақылау және талдау орталығының ұйымдастыру- түсіндіру және алдын алу жұмыстары бөлімінің бас сарапшысы Зайнолдина Айдана Айтқазықызы, әл-Фараби Атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, философия магистрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану докторанты Сәрсембаев Руслан Мейіржанұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Адильханова Жанна Байдуллаевна, мектеп психологы Есмағамбет Әдемау Айтжанқызы және 11 сынып оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің бірінші бөлімінде қонақтар оқушыларға діни экстремизм, лаңкестік пен бүлдіргіш ағымдардан төнген қауіп-қатер туралы айтып берді және қазіргі Қазақстандағы діни ахуал туралы ақпарат берді. Екінші бөлімде қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап берді, әңгіме өткізді және дөңгелек үстел тақырыбы бойынша пікір алмастырды. Кездесу барысында оқушылар көптеген пайдалы ақпараттармен танысып, сұрақтарына жауап алды. Іс -шараның қорытындысын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Адильханова жасады. Ол қонақтарға ризашылығын білдірді және мұнымен тоқталмай, әрі қарай бірлесіп қызмет жасауды ұсынды.