ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ
«К. АХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТҚА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАЙТЫНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ
Мектеп-интернат 12 олимпиадалық спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына спорттық резерв дайындайды:
Баскетбол (жасөспірімдер), бокс, грек-рим және еркін күрес, су добы (жасөспірімдер), велоспорт, байдарка және каноэде ескек есу, дзюдо, жүзу, үйлесімді жүзу, семсерлесу, таеквондо.
Мектеп-интернатқа 2024-2025 оқу жылына 7, 8, 9, 10, 11 сыныптарға оқушылар қабылданады, үміткерлер таңдаған спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде немесе спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда алғашқы спорттық дайындықтан өтуі және спорттық разрядтар мен атақтар орындау бойынша қойылатын талаптарды орындаған болуы міндетті. Оқушылардың негізгі құрамы 7 сыныпқа қабылданады, 8, 9, 10, 11 сыныптарға бос орындар болған жағдайда спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының, облыстық құрама командалардың мүшелері, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпиондары мен жүлдегерлері бірінші кезекте қабылданады.









Құжаттарды қабылдау және медициналық комиссия жұмысы – 7, 8, 9 сыныптар үшін 2024 жылдың 01-ші маусымы мен 20-шы тамызы, 10, 11 сыныптар үшін 2024 жылдың 15-ші маусымы мен 15-ші тамызы аралығында жүргізіледі (Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма 09.00-ден 17.00-ге дейін, үзіліс 13.00 – 14.30, сенбі 9.00 – 13.00).
Қабылдау емтихандары 2024 жылдың 21-24 тамыз аралығында өткізіледі.
21 тамыз – жалпы дене дайындығы бойынша;
22-23 тамыз – арнайы дене дайындығы бойынша;
24 тамыз – жалпы білім беру пәндері (Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математика және логика) бойынша тестілеу;
Мектеп-интернатқа оқуға түсушілер келесі тесттерді тапсырады:
Жалпы дене дайындығы бойынша:
1. Турникке тартылу,
2. Орыннан ұзындыққа секіру,
3. Уақытқа (1 мин) кеудені көтеру (пресс),
4. 100 метр қашықтыққа жүгіру,
5. 1000 метр қашықтыққа жүгіру.
Арнайы дене дайындығы бойынша:
— таңдалған спорт түріндегі қажетті қозғалыс дағдыларын және техникалық дайындығын бағалайтын арнайы жаттығулар.
Мектеп-интернатқа түсетін талапкерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1. Ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еркін формадағы өтініші;
2. Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат (ЖСН көрсетілген тууы туралы куәлік, жеке куәлігі), немесе цифрлық сервистен алынған цифрлық құжат;
3. Ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық сервистен алынған цифрлық құжат;
4. Арнайы үлгіде толтырылған спортшының жеке карточкасы (ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы №69 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес: 30.01. 2023 ж., №29 бұйрық, 3 қосымша).
5. Негізгі және жалпы орта мектепті бітіргені туралы аттестат (10, 11 сыныпқа түсушілер үшін) немесе цифрлық сервистен алынған цифрлық құжат;
6. ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР спорт шебері атақтары мен ҚР спорт шеберіне үміткері, 1, 2, 3 разрядты спортшы, 1, 2, 3 жасөспірімдер разрядты спортшы разряды берілгені туралы куәліктерінің немесе бұйрықтың көшірмесі. 7 сыныпқа түсушілер үшін БЖСМ алғашқы дайындық топтарында дайындықтан өткендігі туралы анықтама;
7. 3х4 көлемдегі фотосурет – 6 дана;
8. бірыңғай спорттық күнтізбелік жоспарға енген халықаралық және республикалық жарыстарда жүлдегер атанғаны туралы дипломдардың, грамоталардың, жарыс хаттамаларының көшірмелері (бар болған жағдайда);
9.Медициналық комиссиядан өту үшін денсаулық жағдайы туралы келесі құжаттар тапсырылады:
— Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттарының үлгілерін бекіту туралы» бұйрығының 3 қосымшасымен бекітілген амбулаторлық-емханалық ұйымдардың қолданысындағы медициналық есепке алу құжаттарының түпнұсқалары.
- № 075/у үлгідегі (дәрігерлік кәсіби-кеңестік қорытынды) медициналық анықтамасы:
- жалпы қан талдамасы (талдаманың жарамдылық уақыты 10 күн);
- жалпы зәр талдамасы (талдаманың жарамдылық уақыты 10 күн);
- тіс дәрігерінің, эндокринологтың, кардиологтың, фтизиатордың (Манту реакциясы әрдайым оң болған жағдайда) қорытындылары;
- № 052/у амбулаторлық науқастың медициналық анықтамасы (бар болған жағдайда);
- № 065/у үлгідегі профилактикалық егулер картасы;
- Эпидемиологиялық орта туралы медициналық анықтама;
- Жүректің, бүйректің, құрсақ қуысы органдарының УДЗ;
- Электроэнцефалограмма негізінде жасалған медициналық анықтама және де мидың магнитті-резонанстық томографиясы /МРТ/, (бокс бөлімшесіне түсетіндер үшін).
Үміткерлердің медициналық тексерулерді Алматы қаласында орналасқан «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» ШЖҚ РМК өткені дұрыс саналады.
Мекен-жайы: Алматы қ., Абай д-лы, 44.
Медициналық комиссиясының рұқсатынан кейін ғана талапкерлер емтихан тапсыруға жіберіледі.
Қабылдау кезінде қабылдау емтихандары негізгі рөл атқарады, спортшының халықаралық және республикалық жарыстарға қатысқандығы міндетті түрде қарастырылады.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 238 үй.
Анықтама телефондары: 8(727) 394-45-10, сайт: rshik-ahmetov.kz