Мектеп-интернат 15 олимпиадалық спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына спорттық резерв дайындайды:
Баскетбол (жасөспірімдер), грек-рим және еркін күрес, су добы (жасөспірімдер), велоспорт, волейбол, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, байдарка және каноэде ескек есу, дзюдо, жүзу, үйлесімді жүзу, теннис, ауыр атлетика, семсерлесу, қазіргі бессайыс.
Мектеп-интернатқа 2021-2022 оқу жылына 7-ші сыныпқа оқушылар қабылданады, үміткерлер таңдаған спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде немесе спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда алғашқы спорттық дайындықтан өтуі және спорттық разрядтар мен атақтар орындау бойынша қойылатын талаптарды орындаған болуы міндетті.
Құжаттарды қабылдау және медициналық комиссия жұмысы – 7, 8, 9 сыныптар үшін 2021 жылдың 01-ші маусымы мен 20-шы тамызы, 10, 11 сыныптар үшін 2021 жылдың 15-ші маусымы мен 20-шы тамызы аралығында жүргізіледі (сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін).
Қабылдау емтихандары 2021 жылдың 23-26 тамыз аралығында өткізіледі.
23 тамыз – жалпы дене дайындығы бойынша;
24-25 тамыз – арнайы дене дайындығы бойынша;
Қабылдау емтихандары тест түрінде қабылданады.
Мектеп-интернатқа оқуға түсушілер келесі тесттерді тапсырады:
Жалпы дене дайындығы бойынша:
1. Турникке тартылу
2. Орыннан ұзындыққа секіру
3. Уақытқа (1 мин) кеудені көтеру (пресс)
4. 100 метр қашықтыққа жүгіру
5. Бұрышты ұстап қалу (швед қабырғасында 90 градус бұрышта секундпен)
6. 1000 метр қашықтыққа жүгіру.
Арнайы дене дайындығы бойынша:
— таңдалған спорт түріндегі қажетті қозғалыс дағдыларын және техникалық дайындығын бағалайтын арнайы жаттығулар
26 тамызда барлық талапкерлер жалпы білім беру пәндері бойынша сұхбаттасу және психологиялық тест тапсыраудан өтеді.
Мектеп-интернатқа түсетін талапкерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1. Ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еркін формадағы өтініші;
2. Туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. ЖСН көшірмесі;
4. Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі;
5. Сурет 3х4 – 4 дана;
6. Спорттық разрядтар мен атақтар беру туралы бұйрықтың немесе куәлігінің көшірмесі;
7. Спортшының жеке карточкасы;
8. Файлдық тезтікпе (жеке іс), конверт
Сондай-ақ медициналық комиссиядан өту үшін денсаулық жағдайы туралы келесі құжаттар тапсырылады:
1. Форма № 26 (баланың жеке картасы) мектептен;
2. Форма № 063-у. Профилактикалық егулер картасы, мектептен;
3. Денсаулық паспорты, мектептен;
4. Форма № 112. Амбулаторлық карта. Тұрғылықты жері бойынша емханадан;
5. Кеуде қуысының флюорографиясы (15 жастан бастап);
6. Манту реакциясы әрдайым оң болған жағдайда фтизиатрдан анықтама;
7. Егер бала «Диспансерлік» тіркеуде тұрған болса, маманның ағымдағы жылдағы қарауы мен спорт мектебіне баруға рұқсаты;
8. Жалпы қан талдамасы (талдаманың жарамдылық уақыты 10 күн);
9. Жалпы зәр талдамасы (талдаманың жарамдылық уақыты 10 күн);
10. Жүректің ЭКГ, УЗИ;
11. Құрсаққуысы органдары мен бүйректің УДЗ;
12. Эндокринологтан анықтама;
13. Стоматологтан тіс санациясы туралы анықтама;
14. 2 қаламсап, 2 қалың дәптер.
Үміткерлер 8, 9,10,11 және 12 тармақтарда көрсетілген медициналық тексерулерді Алматы қаласында орналасқан «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК өткені жөн саналады.
Медициналық комиссиясының рұқсатынан кейін ғана талапкерлер емтихан тапсыруға жіберіледі.
Қабылдау кезінде қабылдау емтихандары негізгі рөл атқарады, спортшының халықаралық және республикалық жарыстарға қатысқандығы міндетті түрде қарастырылады.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 238 үй. Анықтама телефондары: 8(727) 394-45-10, e-mail: nabor_ahmetova@mail.ru