Отбасылық эстафета!

1 маусым балаларды қорғау күніне орай республикалық “балалар игілігі үшін” акциясының “спорт әлемінде” блогі бойынша 27 мамыр күні мекемеміздің спорт залында “отбасылық эстафета” өтті. Бұл эстафетаға спорт мектеп-интернат-колледжіміздің оқушылары мен ата-аналары және мұғалімдер қатысты. Эстафетаның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың денсаулығын нығайту. Отбасындағы құндылықтарды арттыру. Спорттағы достық қарым-қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Эстафета жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *