Мемлекеттік орталық музейдегі тәуелсіздік шеруі

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы мерейтойға байланысты ұлан-байтақ еліміздің түпкір-түкпірінде мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында біздің Кәркен Ахметов атындағы мектеп-интернат-колледжінің 9 «а», 9 «ә» сынып оқушыларын орталық мұражайға директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Тулепбекова С.О. тәрбиешілер Сексенбаева Г.К. Желдібаева Г. Н. бастап барды. Оқушылар мұражайда бойларына ғасырлардың тылсым сырын жасырған көне экспонаттармен танысты. Әсіресе оқушыларға Тәуелсіздік тарихын кеңінен танытатын экспонаттар мен мәліметтер өте ұнады. Мұражаймен егжей-тегжей танысқан соң, мұражайға жасаған экскурсияның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Концерт барысында Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» курсанттары ән салып, би биледі. М.Әуезов атындағы драма театрының әртістері тәуелсіздік туралы қойылым қойды. Соңынан «Томирис» фильмін көрсетті. Оқушылар Алматыдағы орталық мұражайдан мол әсер алып қайтты. Осыған ұқсас іс-шараларды бұдан былай да дәстүрлі түрде өткізіп тұратын боламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *