Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талқылау бойынша

27 мамыр 2022 жылы К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде «Жаңа сипаттағы Конституция-жаңартылған Қазақстан баламасы» тақырыбында баяндама өткізілді. Баяндама өткізудегі мақсат — Конституциямызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы толыққанды ақпарат беру. Маусымның бесі күні өтетін республикалық референдумға қатысты ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу.Семинарды мектебіміздің тарих пәнінің оқытушылары А.Н.Карынбаева және Р.Р. Сулейменова қазақ және орыс тілдерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Семинар барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың басшылығымен жаңа Конституциямызға енгізілетін өзгерістерді рет-ретімен түсіндіріп өтті.Референдум-демократиялық жүйенің бір көрінісі, халықтың таңдауы, қоғамның пікірі ескерілетіні айтылды.Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды, әрбір азаматымыз дауыс беріп, осы бетбұрысты жасауға өз үлестерін қосатынын, еліміздегі саяси науқанға белсенді қатысып, өздерінің патриоттық көзқарастарын референдумда дауыс беру арқылы білдіруге шақырды. Баяндама соңында мектеп қызметкерлері өздеріне қажетті мағлұматарды тыңдап білді. Сұрақтар қойылып, өздерінің сұрақтарына қажетті жауаптарын алды. Жалпы жиынның қорытындысы бойынша, қатысушылар енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыруларды оң деп тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *