«Тәуелсіздік елім-тірегім, самғауыңды тіледім!»

К. Ахметов атындағы олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде 2021 жылдың 14 желтоқсаны күні мектеп тәрбиешілері Балыкбаева К.И, Сергазинова Э.А, Текесбаева Н.М, Асенова А.А және мектем мұғалімдері Қарынбаева А.Н, Әбикеев К.Ж. ұйымдастыруымен тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына орай «Тәуелсіз елім-тірегім, самғауыңды тіледім!» тақырыбында мектеп ішілік мерекелік кеш жоғары деңгейде болып өтті. Мақсаты: Оқушыларды Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.Іс-шараға Желтоқсан көтерілісінің қаһармандары Камалиев Қайрат Мошанұлы мен Нұрманова Күнімхан Сандыбайқызы қатысып кешімізді жандандыра түсті. Екінші оқушылар үйінің «Дәстүрлі домбыра» үйірмесінің оқушылары мен жетекшісі Сағындыкова Ольга Валерьевна кешіміздің қонағы болды. Күй тартып , ән шырқап оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, зор қошеметке бөленді. Мектеп оқушылары оқыған жыр шумақтары мен шырқаған әндері қонақтар мен оқушылар жүрегінен орын алды. 9ә сынып оқушыларының «Көк тудың желбірегені» әні мен 9а сынып оқушысы Еркінбай Жұлдызайдың орындауындағы «Тәуелсіз қазақтың қызымын » әні балаларды Отанды сүйіп, құрметтеуге шабыттандырып күш жігер сыйлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *