2021 жылдың 20-25 қыркүйек аралығында Талдықорған қаласында велоспорттан 2005-2006 ж. т. ұлдар мен қыздар арасындағы көпкүндік Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша мектеп-интернат-колледжінің спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды:
Жеке сайыста:1 орын – Белугин Вадим.
Командалық сайыста: 1 орын – Белугин Вадим;
1 орын – Абубакар Жалғас
1 орын – Безьянов Даниил;
2 орын – Котляр Максим;
2 орын – Ивахин Кирилл;
2 орын – Ерқасым Ильяс;
3 орын – Силыкбек Аслан;
3 орын – Егізбай Ердәулет.
Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау, жарыс көшбасшысы, таулы шабандоз, белсенді шабандоз номинациялары бойынша табыстау өтті. Ұлдар арасында: белсенді шабандоз – Белугин Вадим;
Жарыс көшбасшысы: Белугин Вадим.
Жалпы командалық есепте: ұлдар арасында- Батыс Қазақстан облысы; Алматы облысы; Қызылорда облысы. Жарыста өнер көрсетіп жеңіске жеткен спортшыларды және жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз.