2022 жылдың 23 ақпан – 03 наурыз аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) семсерлесуден өтіп жатқан Азия чемпионатында жоғарғы нәтижеге қол жеткізген Каркен Ахметов Атындағы Мектеп-интернат-колледжі спортшыларын құттықтаймыз! Қыздар арасындағы “Сабля” санаты бойынша жеке жарыста алтын медаль иегері:
1. Зайцева Татьяна
“Сабля” санаты бойынша жасөспірімдер арасындағы командалық жарыста күміс медаль иегерлері:
1. Жакупов Донат
2. Сержан Мади
3. Абжал Бексултан
“Шпага” санаты бойынша жасөспірімдер арасындағы жеке жарыста күміс медаль иегері:
1. Федотов Александр
“Шпага” санаты бойынша жасөспірімдер арасындағы командалық жарыста қола медаль иегерлері:
1. Лукин Богдан
2. Федотов Александр
3.Жулинский Никита
4. Тинников Георгий
Жеңістеріңіз құтты болсын! Азия чемпионатында өнер көрсетіп жеңіске жеткен спортшыларымызды және семсерлесу бөлімшесінің жаттықтырушылар құрамын құттыктаймыз!