Құттықтаймыз!

16 желтоқсан халқымыздың тарихындағы ең маңызды әрі айтулы күн. Бұл – ел бірлігі мен егемендіктің белгісі саналатын басты мереке. Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Каркен Ахметов атындағы мектеп-интернат-колледжі қызметкерлері — Қазақстан Республикасының президенті Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен мекеме директоры Сейлхан Бактыгалиевич Караков, директордың спорт ісі жөніндегі орынбасары Данара Кабденовна Байдосова, директордың әкімшілік — шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары Есенгелді Амангелдиевич Абуов, спорт бөлімінің әдіскері Нурсеит Сагимбаевич Жақсылықов, еркін күрес бөлімшесінің аға жаттықтырушысы Пернебек Тәуірбайұлы Беласар мараптатталды. Құттықтаймыз! Атқарып отырған қызметтеріңіз бағаланып, ары қарай да биік белестерді бағындырып жүре беріңіздер. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бейбітшілік пен бақыт тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *