Бүгін 20 наурызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы мекеме қызметкерлерінің арасында «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» мейрамы қарсаңында Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен волейболдан жарыс өтті. Жарысқа 5 команда қатысты. Атап айтқанда: Олимпиадалық даярлау орталығы, Спорттық медицина және оңалту орталығы, Республикалық спорт колледжі, Шаңырақ шағын ауд. ОРРММИК, К.Ахметов атындағы ОРРММИК.Мекеме қызметкерлерінің арасында өткен жарыс қорытындысы:
1 орын — К.Ахметов атындағы ОРРММИК
2 орын— Шаңырақ шағын ауд. ОРРММИК
3 орын — Олимпиялық даярлау орталығы. Сонымен қатар ойыншылар арасында «Үздік ойыншы» номинациясын Шаңырақ шағын ауд. ОРРММИК қызметкері Ерланұлы Расул иеленді. Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы құтты болсын!