1 сентября-День знаний.

Бүгін 1 қыркүйек білім беру күніне орай Каркен Ахметов атындағы мектеп интернат-колледжімізде мерекелік іс-шара өтті. Алдымен мемлекеттік әнұран орындалып, көк байрағымыз биікке көтерілді. Оқу жылының салтанатты ашылуында мекеме басшысы Ернар Таласбекұлы жиналған қауымды мереке күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына қадам басқан оқушыларға сәттілік, оқуда және спортта мол жетістіктерге жетуіне, ал ұстаздар қауымына жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне жеміс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тіледі. Сонымен қатар өздерінің жылы лебіздерін директордың спорт жөніндегі және оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары Данара Кабденова және Жаңылдық Байдоллақызы білдірді. Салтанатты шара барысында спорт мектеп-интернат-колледжіміздің үздік оқушылары, шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымы алғыс хаттармен марапатталып, ата-аналарға алғыс айтылды. Жиналған көрермендерге өнерлі оқушыларымыз ән мен биден шашу шашып, өлең жолдарын оқыды. Мерекелік іс-шараның соңында, мекемемізде жаңа оқу жылының басталуы ретінде алғашқы қоңырау үні соғылды. Жаңа оқу жылына жаңа табыс, отбасыларыңызға береке, спортшыларымыздың тек биіктерден көріне беруіне тілектеспіз! Құрметпен Каркен Ахметов атындағы мектеп интернат-колледжінің ұжымы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *