14наурыз –көрісу мейрамы.

Каркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде «Қош келдің Наурыз!» апталығына орай «Көрісу күні» мерекесін атап өтті. 14наурыз –көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққынына қуанып , бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті – пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман – есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған. Осы бір қасиетті дәстүрімізді дәріптеу жатақханадағы этнобөлмеде тойланды.Оқушылар көрсеткен қойылымда көрісудің мақсаты мен мазмұнын тымаша аша білді. Ақ бата беріп, жастарға ақ жол тілеп келешекте дәстүр кең көлемде жалғаса беруіне жол көрсетті. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып мереке ән мен биге ұласты

Дайындаған тәрбиешілер: Балыкбаева .К.И
Сергазинова Э.А
Шапанова А.Б
Жармуханова Г.Б

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *