8 наурыз!

06.03.2024 ж. Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде 8 Наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне арналған «Ана-тіршілік тірегі» атты іс-шара өтті.

  Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардын ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүіспеншілікке, сый құрметке тәрбиелеу. Ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыр. Құттықтау сөз кезегін мектебіміздін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Адильханова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.О.Тулепбековаға берілді.

Іс шарамыздың қадірлі қонағы болуына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, совет және қазақ эстрада әншісі Нурмағамбетова Айжан Қабдуалиқызы шақырдық. Қонағымыз бар өнерін салып ән шырқап мерекелік көніл — күй сыйлады «Бақыт деген», «Мен деп ойла», «Біз екеуіміз» т.б.. әндерін орындап берді.

Біздің  де оқушылар өз өнерлерін көрсетіп  Ана туралы әсем ән шырқап, «Лезгинка», «Көркем» билерін билеп, сахна қойылу, видео құттықтау, бәрімізге мерекелік көңіл-күй тарту етті .   

Мерекелік іс шарамыз өз деңгейіне жетіп, барлық қонақтар риза болды.

 Іс-шараға қатысқан оқушылар: Қурманғазы Елдар, Мухаметжан Рахимжан, Бимурат, Кенен Нұрдаулет , Оплачкина Диана, Сергеев Матвей, Ергешов Тимур, Абдигали Аян, Гайдаров Максим, Герасимов Багдан. Ұйымдастырушылар: Манапов Е.К; Утегенов Т.Г; Токбергенов Т.К; Нусипова А.М; Арыстанбаева Н.Т.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *