15 мамыр күні отбасы күніне орай Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде «Ата-ана мен баланың қарым-қатынасы қалай болуы керек?» тақырыбында 11 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында психолог Ә.Есмағамбет пен кітапханашы Б.Оспанбекованың ұйымдастырумен ата-ана мен баланың арасында қазіргі таңдағы өзекті сұрақтарды сұхбат түрінде талқылау өтті. Сұрақ-жауап барысында оқушылар отбасы құндылықтарының маңызына терең үңіліп, өз бойындағы кейбір ата-анаға қатысты түсініспеушіліктермен бөлісті. Ата-аналар өз кезегінде балаға деген жылы көңілдің үздіксіз қажеттілігін ұғынды. Рухани құндылықтың көзі деп танылатын кітап оқу біліммен сусындаудың жолы туралы да баса айтылды. Кездесуде «Отбасы құндылығы неден тұрады? Стресс дегеніміз не? Оның алдын алу жолдары. Рухани құндылықтар неден құралады?» сияқты өзекті сұрақтар нақтыланып алынды.