ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және К.Ахметов атындағы ОРРММИК ұжымының атынан кәсіби мерекеміз Спорт күніне орай қазақ спортының ардегері Алпысбаев Мәлік Ақылбайұлын құттыктадық. Мерекелік кездесу барысында спорт тарихы жайлы, қазақ спортының болашағы жайлы ой бөлістік. Қазақ спортының қарыштап дами береді деген үлкен сенім білдірді біздің құрметті ардагеріміз. Мәлік аға рахмет сізге қазақ спортына қосқан үлесіңіз үшін. Бүгінгі Спорт күні мерекесі құтты болсын! Отбасыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз. Еңбектеріңіз жемісті, абыройыңыз биік болсын.