Ағымдағы жылдың 20 сәуір күні Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқу, спорт, тәрбие бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Спорттық оқу орындары ұстаздарының педагогикалық тәжірибесін талдап, қорытындылау барысында зияткерлік құндылықтар жүйесін қалыптастыру» атты Республикалық интерактивті семинар — практикум өтті.
Семинар-практикумға:
Астана қаласы, “Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы ОРРММИК”
ШҚО “Риддер қаласындағы ОРРММИК”
Алматы қаласы,“Шаңырық”шағын ауданындағы “ ОРРММИК”
Алматы қаласы,”Республикалық спорт колледжі”
Алматы қаласы “Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚММИ”
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор – А.К.Кульназаров қатысты.
Сонымен қатар, Алматы қаласының қалалық спорт мектептерінің мұғалімдері, оқытушылары, тәрбиешілері қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар мақсаты: Білім, тәрбие және спорттық жетістіктерді дамытудың іргелі факторы ретінде зияткерлік құндылықтың маңыздылығын арттыру.
Міндеттері:
* оқушылардың білім сапасын, спорттық нәтижелерін және тәрбиелік деңгейін арттыру мақсатында спорттық оқу орындарында педагогикалық қызметтің барлық салаларында тиімділік және қолдану мүмкіндігі тұрғысынан педагогикалық тәжірибені талдау және қорытындылау;
* интерактивті оқыту мен тәрбие беру әдістерін көрсету;
* заманауи инновациялық технологияларды енгізуге ықпал ету.
Семинар қатысушыларына арнайы біздің спорт мектеп-интернат-колледжінің спортшылары көрнекілік көрсетілімдерін көрсетті. Көркем және спорттық гимнастика шеберлері көркемдік бағдарламаларын орындап шықса, семсерлесу бөлімі қылыштасу өнерін паш етті, дзюдошыларымыз жаттығулық лақтыру әдістерін, таэквондышыларымыз пумсэ элементтерімен шығыс өнері жекпе-жектерінің әдемі әдістерін көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді. Көрсетілімдер ортасында арнайы шақырылған өнерлі жастар ән мен биден шашу шашты. Семинар соңында қатысушыларға ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің арнайы сертификаттары табысталды. Семинарымыз естелік суретке түсумен аяқталды.