«Ана-тіршілік тірегі» мерекелік іс-шарасы

Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде көнілдерінізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 Наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне арналған «Ана-тіршілік тірегі» іс-шарамыз өтті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа
ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Ана жайлы тамаша сөздер, өлендер, әндер, құрметті ханымдарды, ардақты аруларды, мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу, ана еңбегін қадірлеу.
Іс-шараны осы аталған оқу орынның басшысы Қарақов С.Б. беріп, ол барлық аналарды, ханымдарды, аруларды, бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз Халықаралық Әйелдер күнімен құттықтап, бәріне зор денсаулық, жемісті еңбек пен мол бақыт тіледі. Концертіміздің тұсау кесерін қазақ өнерінің қайраткер мәдениет майталманы Есет Садуақасов ашып, «Гүл сыйлайық әйелге», «Қазақ қыздары» әндерін орындап берді. Біздің де оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, Ана туралы әсем ән шырқап, мың бұралған қазақтың биін билеп, ұлттық аспабымыз домбырамен күйлерін шертіп бәрімізге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осы іс-шарамызға Астана қаласының музыкалық жас көрермен театрының актері Нұржан Бейдәулетұлы келіп, домбырамен «Анамның жаққан ошағы» және «Мен сені жақсы көрем» әндерін орындап берді.
Мерекелік концертіміз өз деңгейіне жетіп, барлық қонақтар риза болды. Концерттің соңында 8 «А» сынып оқушысы Таласбай Бекзат «Ана туралы жыр» әнін залдағы отырған көрермендермен орындады.
Дайындаған ұстаздар мен тәрбиешілер: Игнатенко В.С.
Дүйсебаева Ж.Е.
Нусипова А.М.
Абен Қ.Р.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *