VIII жазғы «Азия балалары» ойындарынан «К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ жүзу бөлімінің спортшылары тағы бір мәрте қола жүлдегерлері атанды!

БІЗДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАР:
🥉 Федор Диденко
🥉 Роман Румынский
🥉 Александр Румынский
Спортшылар 4×200 еркін әдеспен жүзуден эстафетада мәреге үшінші болып жетіп, қола жүлдеге қол жеткізді (7.57:18)!
Ал баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуден сынға түскен Федор Диденко 55.85 секунд уақыт көрсеткішінде өнер көрсетіп, қола жүлдегері атанды!
Осымен VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында жүзуден барлық жүлде таратылды. Жеңімпаздарды және жаттықтырушыларды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!