Міне, айлар алыстап, күндер сырғып өтіп жаңа оқу жылы басталатын кез де келіп жетті. Ала жаздай ауылдарына барып, ата-аналарының қасында демалыстарын көңілді-күймен өткізген оқушылар енді жаңа оқу жылына белсене кіріседі. Сонымен қатар, бойларында спортқа деген құмарлығы жоғары, таланты тасыған дарынды жасөспірімдер елдегі спортқа арналған беделді оқу орындарына түсуді армандап жолға шығары белгілі. Алматы қаласындағы Каркен […]
Бүгін Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне түсу үшін жас спортшылар сабақ бойынша емтихан тапсырды. Тапсырылған пәндер: Қазақстан тарихы, математика, оқу сауаттылығы.
22 тамыз күні арнайы дене дайындығы бойынша емтихан аяқталды. Спорттың 13 түрінен жас спортшылар мекеменің жаттығу залдарында өз шеберліктерін көрсетті. Емтиханды федерация және спортты дамыту дирекциясының өкілдері, жаттықтырушылар мен еліміздің атақты спортшылары: Ермахан Ибраимов бокстан Сидней олимпиадасының жеңімпазы, Асхат Жеткеев дзюдодан олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Дәулет Ниязбеков еркін күрестен әлем чемпионатының күміс және Азия чемпионы […]
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне жас спортшыларды қабылдау науқаны басталды. Қабылдау емтиханы үш кезеңнен тұрады. Бүгін бірінші кезең жалпы дене дайындығы бойынша спорттың он үш түрінен емтихан тапсырды. Емтихан кезеңінде тапсырылған жаттығу түрлері: 60,1000 метр қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, қыздар кеудені […]
Бұл мақалада «Алматыкітап»баспасы ұсынып отырған TOPIQ kz. білім беру платформасының артықшылықтары мен мүмкіндіктері жазылған. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Алматыкітап»баспасы TOPIQ kz. білім беру платформасын ұсынып отыр. Платформаны толықтай іске қоспас бұрын пилотты әдісті пайдаланып,мұғалімдер мен оқушы және ата-аналарға пайдасы бар екеніне қөз жеткізді. К.Ахметов атындағы ОРРММИК-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері […]