01-03 шілде аралығында К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің Дзюдо акабемиясында төрешілер мен жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру бойынша семинар өтті.
Халықаралық дзюдо федерациясының рефери директорлары – Чжон Ки ЕН, Армен Багдасаров және Азия дзюдо одағының директоры Житкеев Асхат Расулұлының қатысуымен өткен бұл семинарға Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан жүзге жуық жаттықтырушы мен төрешілер қатысты.
Бүгін төрешілерге «IJF Continental», «IJF International» санатына теориялық емтихан және төрешімен сұхбат өтті, ал 4-7 шілде аралығында Азия Кубогі жарысы кезінде «IJF Continental», «IJF Continental» санатындағы төрешілерге емтиханның практикалық бөлігі өтеді.