VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында дзюдо спортынан жарыстар аяқталды. Аталған сайыста «К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-нің 11 сынып оқушысы Батыржан Тоқтар 90 келі салмақта өнер көрсетіп, жүлделі 3 орын алды!
Жалпы қорытынды бойынша биылғы VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында біздің дзюдошылар 5 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.
Тоқтар Батыржан мен дзюдо бөлімінің жаттықтырушыларын және Қазақстан құрамасын жеңістерімен құттықтаймыз!
КӨК ТУЫМЫЗ ЖЕҢІСТЕРДЕ ЖЕЛБІРЕЙ БЕРСІН!