Алматы облысының Қарасай ауданында күрес түрлерінен U17 және U23 жастар аралығында ҚР чемпионаты өтіп жатыр. Спорт мектеп-интернат-колледжіміздің еркін күрес бөлімінің балуандары 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды. U17-де 60 келіде белдескен Асамбек Бекасыл чемпион атанса, U23-те 125 келі салмақ дәрежесінде Бекжан Исмагулов қола жүлдені жеңіп алды. Еркін күрестен ел біріншілігінде белдесіп жатқан балуандарымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

