Мекемемізде 27-28 қаңтар күні дзюдо академиясында мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ спортының жанашыры Кәркен Ахметұлы Ахметовты еске алуға арналған кадеттер арасында Республикалық турнир өтті. Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі. Турнирге құрметті қонақ ретінде: Кәркен Ахметовтың ұлы Нұрлан Кәркенұлы жәнеде дзюдо күресінен спорт саңлақтарын баптаған ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары – Жексенбай Саламатов, Сейдолла Калиев, Дүйсен Аязбеков және Төлеген Сұлтановтар қатысты. Жарысқа «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжімен оннан астам спорт клубынан келген 100-ден аса татами шеберлері 9 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Кәркен Ахметов атындағы спорт мектебінің жас спортшылары осы жарыстан тамаша нәтиже көрсетті. Қоржынымызда 6 алтын, 1 күміс 3 қола медаль. Турнирдің жеңімпаздармен жүлдегерлері:
I орын – Габит Расулхан (46 кг)
I орын – Нұрасыл Пан (50 кг)
I орын – Алтынбек Конысбай (55 кг)
I орын – Мұхаметәлі Жылқайдыр (60 кг)
I орын – Диас Ихсанов (66 кг)
I орын – Батырхан Тоқтар (+73)
II орын – Айдын Шүкірбек (55 кг)
III орын — Марханбет Жанарыс (42 кг)
III орын – Құрбан Оразақынов (60 кг)
III орын – Нұрдос Досберген (60 кг)
Жарыс соңында қадірлі қонақтарға естелік сыйлықтар табасталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Дзюдо бөлімінің спортшылары мен жаттықтырушылар құрамын жеңістерімен құттықтап, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз.