2022 жылы 4-ші маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай Каркен Ахметов атындагы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылган мектеп-интернат-колледж тәрбиешілерімен Ратина Н.В., Сергазинова Э.А., Шапанова А.Б., Назар Н.Н., Текесбаева Н.Б. Алматы қаласындағы орталық мемлекеттік мұражайға оқушыларға мәдени саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет екендігін түсіндіру. Рәміздер халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман- тілегін жеткізетін құнды белгілер. Оқушыларды мұражайдың қорындағы Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихымен,мәдениетімен және экспонаттарымен таныстыру.Онда Қазақстанның әр өңірінен жинақталған халқымыздың материалдық мәдениетінің ескерткіштері,түрлі шаруашылық және тұрмыстық бұйымдары,әшекейлер,ұлттық киім-кешектер,ыдыс-аяқтар,кілем,алаша,сырмақ,түскиіз секілді этнографиялық мүліктер сақталған.Сондай-ақ мұражай қоры тәуелсіз Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысты жәдігерлер,ұлттық валюта үлгілері,жаңа марка түрлері,ғарышкерлер мен ғарыштану ғылымына қатысты тың материалдар,соңғы кездегі ұлттық қолөнер туындыларымен толықтырылған.