1 маусым балаларды қорғау күніне орай республикалық «балалар игілігі үшін» республикалық акциясының «спорт әлемінде» блогы бойынша мини футболдан 26 мамыр күні қызметкерлер мен спортшылар арасында «RSHI CUP» атты жарыс өтті. Жарысқа дзюдо, бокс, еркін күрес және грек-рим күрес бөлімінің спортшылары мен жаттықтырушылары және әдіскерлері қатысты. Осындай жарысты ұйымдастыру арқылы мини футболды мектеп қабырғасында дамыту, балалардың денсаулығын нығайту, спорттағы достық қарым-қатынасты орнату болып табылады. Ойын дөңгелек жүйе бойынша өткізіліп, ары қарай жеңімпаздар кездесті. Үшінші орын үшін өткен кездесуде еркін күрес бөлімі боксты жеңсе, қызыққа толы өткен финалдық кездесуде негізгі уақыт тең аяқталып, пенальти бойынша дзюдо бөлімі басым түсті. Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын: дзюдо бөлімі.
II орын: грек-рим бөлімі.
III орын: еркін күрес бөлімі.
Жарыстың көркін қыздырған ойыншылар арнай номинацияға ие болды. Ең үздік қақпашы грек-рим бөлімі — Рауан Ибраимов,қорғаушы бокс бөлімі — Нұрасыл Әлібек. Турнирдің үздік ойыншысы дзюдо бөлімі — Тоқтар Батыржан. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубокпен марапатталса, номинация иелеріне грамоталар берілді.