1 маусым балаларды қорғау күніне орай республикалық «балалар игілігі үшін» акциясының «спорт әлемінде» блогі бойынша 27 мамыр күні мекемеміздің спорт залында «отбасылық эстафета» өтті. Бұл эстафетаға спорт мектеп-интернат-колледжіміздің оқушылары мен ата-аналары және мұғалімдер қатысты. Эстафетаның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың денсаулығын нығайту. Отбасындағы құндылықтарды арттыру. Спорттағы достық қарым-қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Эстафета жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.

