ПРЕЗИДЕНТ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ ТАБЫСТАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрама спортшыларымен кездесуде Парижде басталатын дүбірлі доданы бүкіл әлем асыға күтіп отырғанын айтты. Сонымен қатар үздіктердің үздігі бақ сынайтын байрақты бәсекеге ең мықты спортшыларымыз бара жатқанын атап өтіп, ел намысын қорғау абыройлы міндет екеніне тоқталды.


Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына 5 спорт түрінен «К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-нің 7 түлегі жолдама алды.
Атап өтетін болсақ, спорттық гимнастикадан 2020 жылғы колледж түлегі Карими Милад, еркін күрестен 2019 жылғы колледж түлегі Ерғали Алишер, велоспорттан 2018 жылғы колледж түлегі Федоров Евгений және дзюдодан 2010 жылғы мектеп түлегі Елдос Сметов жолдама алды.
Семсерлесу спорт түрінен 3 түлегіміз жолдама жеңіп алды:


🤺 Сарыбай Айгерім — 2018 жылғы колледж түлегі;
🤺 Алимжанов Эльмир — 2003 жылғы мектеп-интернат түлегі;
🤺 Сертай Ерлік — 2016 жылғы мектеп-интернат түлегі.


Бүгін Қазақстан құрама командасының негізгі бөлігі кездесуге Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығынан бейнебайланыс арқылы қатысты. Онда спортшылар Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *