Послание президента Республики Казахстан

Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымы Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын тыңдады. Президент өз жолдауында еліміздің әл-ауқатын арттырып, даму мақсаттарын айқындап, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге тоқталды. Осы мәселелердің оң шешімін табу үшін үкіметке мемлекет басшысы біраз тапсырмалар жүктеді. Жолдаудағы басты мәселелер:1. Биыл кезектен тыс президент сайлауы өтеді. 2. Президент өкілеттілігінің мерзімі 7 жыл болады, бірақ қайта сайлануға тыйым салынады.3. Ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың есепшотына жиналады. 4. Әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жасқа дейін төмендейді.5. Ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өседі.6. Бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылды. 7. Мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесі жасалады.Мемлекет басшысы қолға алған игі бастамаларды жүзеге асыру үшін барлығымыз қолдап, еліміздің дамуына өз үлестерімізді қосайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *