«К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернет-колледжі» РММ жүзу бөлімінен екі спортшымыз Якутск қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» жарысында жүлделі орындарға қол жеткізді!


Алдымен 200 метрге шалқалай жүзуден Александр Румынский 2-орын алып, күміс жүлдегері атанды🥈
Ал 4×100 метрге еркін әдіспен жүзу эстафетасында Диденко Федор мен Александр Румынский 3-орынды еншеленіп отыр! 🥉
Бүгінгі жүзу турнирінде еркін жүзу (100 м) және шалқалай жүзуден (200 м) үздіктер қатарына енген спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!
БҰЛ ЖЕҢІС — ОЛИМПИАДАҒА АПАРАТЫН АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҚТАРЫҢЫЗ, БІЗ СІЗДЕРДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!