ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне жас спортшыларды қабылдау науқаны басталды. Қабылдау емтиханы үш кезеңнен тұрады. Бүгін бірінші кезең жалпы дене дайындығы бойынша спорттың он үш түрінен емтихан тапсырды. Емтихан кезеңінде тапсырылған жаттығу түрлері: 60,1000 метр қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, қыздар кеудені көтеру (пресс), ұлдар кермеге тартылу. Бұл емтихан балалардың физикалық дайындықтарын тексеру болып табылады. Ертең емтиханның екінші кезеңі арнайы дене дайындығы бойынша спортшылар өздері таңдаған спорт түрлерінен өз шеберліктерін көрсетсе, үшінші күні: Қазақстан тарихы, математика және оқу сауаттылығы пәндерінен емтихан тапсырады. Ішінен озып шыққан үздік спортшылар спорт мектебімізге қабылданады.