Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің дзюдо академиясында дзюдо күресінен аса ауыр салмақтағы олимпиада ойындарының екі мәрте қатысушысы, Азия чемпионатының күміс және бірнеше мәрте қола жүлдегері, көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері Елдос Ихсангалиев жас дзюдошыларымызға арнап шеберлік сағатын өткізді. Майталман спортшымыз алдымен балалармен бірге бой қыздырып, дзюдо күресінің сан алуан әдістерін көрсетті. Осы әдістерді татамиде жас спортшылармен бірге қайталады. Шеберлік сағатымыздың мақсаты шеберлігін шыңдау еді. Елдос Ихсангалиев жас дзюдошылардың деңгейінің жоғары екенін көріп, болашақта олимпиада, әлем чемпионы атанатын батыр ұлдардың қатарынан болуларына тілектес екенін білдірді. Алдағы уақытта спорт мектеп-интернат-колледжімізде атақты спортшыларымызбен кездесулер жиі ұйымдастырылатын болады.