9-желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай колледж кураторлары тарапынан ұйымдастырылып, студенттердің қатысуларымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты:
— Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жұмыстарын насихаттау;
Міндеттері:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру;
Сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын себептер мен жағдайларды талдау, баға беру;
Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу;
Саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жайында бейне роликтер көрсетілді. Сондай-ақ, тақырыпқа сай презентациялар ұсынылып, плакаттар дайындалды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, брошюралар қойылды.
Жемқорлық, оның салдарлары мен себептері, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтан туатын зардаптар мен кемшіліктер туралы көптеген ақпараттар айтылып, студенттер оған деген өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Әсіресе, түрлі жағдаяттар тапсырмаларын талдауда белсене ат салысты. Қоғамда құқықбұзушылықтың бір тармағы тікелей сыбайлас жемқорлықпен байланысты екені туралы, оған еліміздің әр азаматы жауапты екендігі баса айтылып, студенттер тың құқықтық мағлұматтар алды.
Аталған іс-шараның жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылғаны, белгіленген мақсат бойынша қатысушыларға оң ықпал етіп, тәрбиелік маңызы зор болғаны анық.