Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіміздің мәжіліс залында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылықпен суицидтің алдын-алу бойынша кездесу өтті. Осы бойынша түсіндірме жұмыстарын Алматы қаласының Алмалы ауданының КТІЖ учаскелік полиция инспекторлары: полиция капитаны Аяғанов Қолқанат Қазбекұлымен, полиция лейтенанты Кулжабаев Наби Турдиевичпен мектеп психологы Есмағамбет Адемау Айтжанқызы жүргізді. Қолқанат Қазбекұлы құқық бұзушылық орын алған жағдайда заң аясында жазаланатынын және де жастар арасында кең етек алған суицид мәселесі бойынша айтып өтті. Құқық бұзушылық орын алған жағдайда барлық деректер бірден құқық қорғау органдарының арнайы бірыңғай жүйесіне қалай тіркелетінін көрсетті. Мектеп психологы Адемау Айтжанқызы суицид тақырыбы бойынша арнайы дайындалған ақпараттармен бөлісіп, зардабы мен зиянын айтып, алдын-алу жолдарын атап өтті.


