«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» Түлектерге сәт сапар тілеген алтын ұя! Бүгін К. Ахметов атындағы ОРРММИК-де 400-ден аса шәкірт оқу жылын аяқтады. Мектеп директоры Караков Сейлхан Бақтығалиұлы оқушыларды үздік және жақсы оқығандары үшін мақтау қағазымен марапаттады. Ал, 87 түлек үшін мектептегі қоңырау соңғы рет соғылды. Олардың үшеуі «Үздік аттестаттан» үміт күтіп отыр. Жыл сайын шәкірттер мектепті аяқтап,жаңа өмірге қанат қағады. Бастысы ,Абай атамыз айтқандай, « Сен де- бір кірпіш ,дүниеге кетігін тап та ,бар қалан демекші!»
Ақ жол, саған,жас түлек!