ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ «К. АХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА КОЛЛЕДЖГЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ХАБАРЛАЙДЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысының негізінде және 2007 жылдың 27 шілдесіндегі ҚР «Білім туралы» Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» Республикалық мемлекеттік мекемесі ( бұдан әрі-Колледж) оқуға қабылдаудың осы типтік ережесі бойынша жалпы орта (11 сынып) негізінде күндізгі бөлімге оқыту формасы бойынша білімгерлер қабылдайды. «К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне түсетін талапкерлер ішінде Әлем, Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және Қазақстан Республикасының чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер және спорт түрлері бойынша Ұлттық құрама командаға, жастар құрама командасына енген спортшылар басым құқыққа ие болып табылады






Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу:
«К. Ахметов атындағы ОРРММИК» 2025-2026 оқу жылына төмендегі мамандық бойынша студенттер қабылдайды.
Мамандығы – 01140500 – «Дене тәрбиесі және спорт»;
Біліктілігі: 4S01140503 – «Спорт жаттықтырушысы – оқытушы»;
Оқыту формасы: – күндізгі, қазақ, орыс тілдерінде оқыту.
Нормативті оқыту формасы: 2 жыл 10 ай
Оқыту базасы: жалпы орта білім
Құжаттар 2025 жылдың 25 маусым-15 тамыз аралығында қабылданады.
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: 09.00-17.00, үзіліс 13.00-14.30 аралығында. Сенбі күндері комиссия 09.00-13.00 сағат аралығында жұмыс істейді.
Үміткерлердің медициналық тексерулерді Алматы қаласында орналасқан «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» ШЖҚ РМК өткені дұрыс саналады.
Мекен-жайы: Алматы қ., Абай д-лы, 44.
Талапкерлер келесі құжаттарды беруі қажет:
1. К. Ахметов атындағы ОРРММИК директорының атына өтініш;
2. Жалпы орта білім беру оқу орнын бітіргендігі жөніндегі құжат (аттестат), Бірыңғай ұлттық тестілеудің (ҰБТ) нысанасының қорытындысы бойынша алған сертификаты (30 балладан төмен және екі бағасы болмауы керек);
3. Фотосурет (3х4) – 4 дана және электронды түрде;
4. Жеке куәлігінің көшірмесі (төлқұжаты);
5. Әскери билет немесе шақыру учаскесіне тіркелу куәлігі;
6. Спортшының біліктілік сынақ кітапшасы, жарысқа қатысқан хаттамасының көшірмесі;
7. Файлдық тезтікпе,конверт.
Медициналық комиссияға тапсыратын құжаттар
1. № 075 формадағы медициналық анықтама(дәрігердің кәсіптік-консультациялық қорытындысымен ) өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік 10 күннен ерте емес берілген, қанның,зәрдің жалпы талдауы туралы деректерді көрсете отырып,тіс дәрігерінің,эндокринолог,кардиолог,фтизиатордың анықтама мантудан реакция оң болған жағдайда;
2. Форма № 052/у (баланың жеке картасы) мектептен;
3.Форма № 065-у. Профилактикалық егулер картасы, мектептен;
4. Жүрек, бауыр, бүйрек, іш қуысы мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу туралы;
5.Эпидемиологиялық орта туралы медициналық анықтама.
Қабылдау емтихандары 2025 жылдың 21-23 тамыз аралығында келесі пәндер бойынша өткізіледі:
1.Қазақстан тарихы.
2.Қазақ тілі, орыс тілі
3. Биология
4. Жалпы физикалық дайындық бойынша емтихан
5. Таңдалған спорт түрі бойынша арнайы және техникалық дайындық бойынша емтихан
Мекен-жайымыз: Алматы қ., И. Байзақов к-сі, 238 үй,
Анықтама телефондары: 8(727) 394-44-51, e-mail:rshi_ahmetova01@mail.ru