Жаман әдеттерден аулақ бол!

Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіміздің мәжіліс залында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылықтардың алдын-алу, сонымен қатар оқушылар тарапынан бір-бірін (жас ерекшеліктері, жынысы бойынша) қудалауға (буллинг) жол бермеу тақырыбы бойынша жиналыс өтті. Осы бойынша түсіндірме жұмыстарын Алматы қаласы Алмалы ауданындағы ювениалды полиция майоры Абдиев Талғат Казбекович жүргізді. Талғат Казбекович құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда заң аясында жазаланатынын және де қазіргі уақытта жастар арасында кең етек алған нашақорлық жайлы ақпарат беріп, есірткінің денсаулыққа тигізетін әсерін, жаман әдеттерден аулақ болуды айтты. Жиын соңында оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, барлығы бір ауыздан заң талаптарын сақтау керектігін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *