Алға Қазақстан! Алға Геннадий!

18 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас Вегас қаласындағы Т-Mobile Arena-да өтетін Қазақстандық Геннадий Головкин және Мексикандық Сауль Альварес арасындағы бокс кешіндегі жекпе-жекке орай, жерлесімізге қолдау көрсету мақсатында Медеу мұз айдынында акция ұйымдастырылды. Акцияға спорт мектебіміздің жас спортшылары да қатысты. Мұз айдынының ортасынды бокс рингі қойылып, жас боксшылар спаринг өткізді. Ортасындағы үзілістерде атақты боксшыларымыз шеберлік сағаттарын көрсетті. Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов өзінің жылы лебізін білдіріп, Геннадий Головкинға жеңіс тіледі. Алға Қазақстан! Алға Геннадий!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *