Рубрика: Жаңалықтар

Ескек есуден Азия чемпионаты өтті.

2022 жылдың 24-27 наурыз аралығында байдарка мен каноэда ескек есуден Паттайя қаласында (Таиланд) өткен Азия чемпионатында ел атынан бақ сынаған Каркен Ахметов Атындағы Мектеп-интернат-колледжінің төрт спортшысы қатысып 3 алтын, 12 күмісті жеңіп алды. Азия чемпионатында осындай биік нәтижеге қол жеткізген спортшыларымызды құттықтаймыз. Атап айтқанда: Сурмина Ольга — 2 алтын, 3 күміс; Туребеков Полат — 1 […]

«Қош келдің, Наурыз!» апталығынан…

21 Наурыз -Ұлттық тағамдарды насихаттау күні.18 Наурыз күні біздің мектебімізде, осы күнге орай дастархан басында, дөнгелек стөл өткізілді. Дастарханға Сабитов Санжар бата беріп, ұлттық тағамдарға байланысты мақал-мәтел айтылып, жұмбақтар шешілді.Ұлттық тағамдар күнінде аталарымыздан мирас болып қалған дәмі тіл үйіретін тағамдарды бірге насихаттайық!

«Қош келдің, Наурыз» апталығынан…

Ертең 18 Наурыз – Игі істер күні. Бұл күні әр адам мүмкіндігінше бір жақсы іс жасайды. Наурызды тойлау апталығының бұл күні жоқ-жітімге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын беру, айналаңа риясыз мейірімділік көрсетіп, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, басқаға қуаныш сыйлай білу ең керемет дүние. Осыған орай Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде […]

«Шынықсаң шымыр боласың» атты тәрбие сағаты

Біздің Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің Республикалық мектеп-интернат-колледжінде 16.03.2022ж. Ашық спорттық сайысымыз «Шынықсаң шымыр боласың» атты тәрбие сағатымыз өтті. Жас өсіп келе жатқан ұрпақтарды қазақ ұлттық еліміздегі ойындар бір неше кезеңі, әр түрінен шынықтыратын және тәрбиелейтін өткізілді. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.Спорттық сайысымыздың мақсаты: 1)Салауатты өмір салтын […]

14наурыз –көрісу мейрамы.

Каркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде «Қош келдің Наурыз!» апталығына орай «Көрісу күні» мерекесін атап өтті. 14наурыз –көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққынына қуанып , бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті – […]