Үстіміздегі жылдың 4 қарашасында К.Ахметов атындағы ОРРММИК қабырғасында кезекті педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің күн тәртібі: 1. «Вейп дегеніміз не?» баяндама (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.О. Тулепбекова) 2. І тоқсан бойынша оқушылардың оқу үлгерімі қорытындысы (сынып жетекшілерінің есебі) 3. Жаңадан түскен оқушылардың психологиялық тест нәтижелері (Мектеп психологы Ә.А. Есмағамбеттің есебі) 4. Әртүрлі. Қойылған мәселелер […]
» УРА, ДЕМАЛЫС!» көңіл көтеретін бағдарламасы. Мақсаты мен міндеттері: Балалармен демалыс күндерінде жүргізілген көңілді іс-шара. Ол ойын және шығармашылық жағдаяттар жасай отырып, өзін-өзі дамыту арқылы әрбір оқушының тұлға ретінде жан-жақты дамуына ықпал етеді, жағымды әсер алу және қуанышты көңіл-күй тудыру арқылы барлық қатысушылар арасында мейірімді және достық қарым-қатынасты бекітеді. Міндеттері: 1. Балалардың рухани-адамгершілік мәдениетін байыту. […]
Өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін К.Ахметов атындағы ОРРММИК-де күзгі демалыс кезінде «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» эстафетасы өткізілді. Ұйымдастырған тәрбиешілер: Текесбаева Н.Б., Абен Қ. Р.
2021 жылдың 2 қарашасы күні «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» 1 курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау салтанатты мерекесі болып өтті. Құрметті, «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» 1 курс студенттері! Сіздер – біздің колледждің негізгін құрайсыздар. Жыл сайын студенттер арасында әр түрлі ареналарда біздің оқу орнымыздың абыройын асқақтататын жаңа талантты, […]
К. Ахметова атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің күрес залында грек-рим күресінің хас шебері, Әлем чемпионатының жүлдегері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері Алмат Кебіспаев грек-рим күресі бөлімінің спортшыларымен өзінің шеберлік сабағын өткізді. Күрес майталманы оңтайлы әдіс-тәсілдерді қалай шебер қолдануды, дайындықтың түрлерімен бөлісті. Жас спортшылар үшін күрес залында балуанды көру, үлкен мотивация. Есімі әлемге мәшһүр спортшының […]