Еліміздің тарихын, мәдениетін, туған өлкеміздің тарихын білу әрбір азаматтың міндеті. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын білім саласында іске асыру барысында оқушыларды мұражайлармен, тарихи орындармен таныстырып, өткенімізден өнеге беру — тәрбие, білім саласының алдында тұрған үлкен міндет. Осыған орай К.Ахметов атындағы Олимпиада Резервіндегі мамандандырылған мектеп интернат колледжінің оқушылары да тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Төлепбекова С.О және тәрбиешілер: Джелдібаева Г.Н., Назар Н., Жармуханова Г.Б., Әбен Қ.Р. ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейіне барып, музейдің төрт залында:1-экспозициялық — Палеонтология және археология залы,2- экспозициялық зал – Тарихи этнография залы,3- зал экспозициясы: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және диаспоралар мәдениеті» залы,4- экспозициялық – «Тәуелсіз Қазақстан» залында экскурсияда болды.Әсіресе, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай музейде ұйымдастырылған «Тәуелсіздік жетістіктері» залына ерекше мән бере тамашаладық. 16 желтоқсан күні мектебіміздің жатақханасында музейден алған әсерлерін дамытып бекіту мақсатында және оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін ұялату, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру мақсатында — «Тәуелсіздік жетістіктері» деп аталатын тәрбие сағатымен жалғасты. Тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналды. Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде 1991 жылы жариялады. Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатында халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктері жайлы видео роликтер көрсетілді.