2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА КОЛЛЕДЖГЕ ТАЛАПКЕРЛЕР ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130  қаулысының негізінде және 2007 жылдың 27 шілдесіндегі ҚР «Білім туралы» Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» Республикалық мемлекеттік мекемесі ( бұдан әрі-Колледж) оқуға қабылдаудың осы типтік ережесі бойынша жалпы орта (11 сынып) негізінде күндізгі бөлімге оқыту формасы бойынша білімгерлер қабылдайды.  «К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне түсетін талапкерлер ішінде Әлем, Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және Қазақстан Республикасының чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер және спорт түрлері бойынша Ұлттық құрама командаға, жастар құрама командасына енген спортшылар басым құқыққа ие болып табылады .

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу:

«К. Ахметов атындағы ОРРММИК» 2021-2022 оқу жылына төмендегі мамандық бойынша студенттер қабылдайды

МАМАНДЫҒЫ – 0103000 – «Дене тәрбиесі және спорт»;

БІЛІКТІЛІГІ: 0103033 – «Спорт жаттықтырушысы – оқытушы»;

Оқыту  формасы: – күндізгі, қазақ, орыс тілдерінде оқыту.

Нормативті оқыту формасы: 2 жыл 10 ай

Оқыту базасы: жалпы орта білім

Құжаттар 2021 жылдың 20-шы маусымы мен 20-шы тамызы аралығында қабылданады.

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: 09.00-17.00, үзіліс 13.00-14.00 аралығында. Сенбі күндері комиссия 09.00-13.00 сағат аралығында жұмыс істейді.

Талапкерлер келесі құжаттарды беруі қажет:

1.      К. Ахметов атындағы ОРРММИК директорының атына өтініш;

2.      Жалпы орта білім беру оқу орнын бітіргендігі жөніндегі құжат (аттестат),   Бірыңғай  ұлттық тестілеудің (ҰБТ) нысанасының қорытындысы бойынша алған сертификаты (30 балладан төмен және  екі бағасы болмауы керек);

3.      Медициналық анықтама № 086 (ЭКГ лентасымен), флюорография суреті, дәрігердің берген анықтамасы (қолы қойылып мөрі басылған);                                                                                  

4.      Фотосурет (3х4) – 4 дана және электронды түрде;

5.      Бала денсаулығы паспорты (форма №063-у,ф.№112);

6.      Жеке куәлігінің көшірмесі (төлқұжаты);

7.      Әскери билет немесе шақыру учаскесіне тіркелу куәлігі;

8.      Спортшының біліктілік сынақ кітапшасы, жарысқа қатысқан хаттамасының көшірмесі;

9.      Мекен жай анықтамасы (ХҚКО-нан алу қажет);

10.  Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – көшірмесі, 2 дана.

Үміткерлер медициналық тексеруден  Алматы қаласында орналасқан «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК өтуі міндетті.

Қабылдау емтихандары 2021 жылдың 23-26 тамызы аралығында келесі пәндер бойынша өткізіледі:

1.Қазақстан тарихы

2.Қазақ тілі, орыс тілі

3. Жалпы физикалық дайындық бойынша емтихан

4. Таңдалған спорт түрі бойынша арнайы және техникалық дайындық бойынша емтихан

Мекен-жайымыз: Алматы қ., Байзақов к-сі, 238 үй,

Анықтама телефондары: 8(727) 394-45-10, e-mail:nabor_ahmetova@mail.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *