Отандық,заманауи  тренд платформа – TOPIQkz.

Бұл мақалада «Алматыкітап»баспасы ұсынып отырған TOPIQ kz. білім беру  платформасының артықшылықтары мен мүмкіндіктері жазылған.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында  «Алматыкітап»баспасы TOPIQ kz. білім беру платформасын ұсынып отыр. Платформаны толықтай іске қоспас бұрын пилотты әдісті пайдаланып,мұғалімдер мен оқушы және ата-аналарға пайдасы бар екеніне қөз жеткізді.

К.Ахметов атындағы ОРРММИК-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері  оқушылармен бірге «Алматыкітап»баспасымен тәжірбие алмасу мақсатында баспаға келген едік. Баспа қызметкерлері оқушыларға кітапхана, анимация бөлімдерін көрсетіп, қызықты ақпараттармен бөлісті. Кейін конференция залында мамандар бізге TOPIQ kz. оқулықтар платформасымен толықтай таныстырып,оқушыларға  тақтада элетронды  кітаптармен оқуды,үй тапсырмаларымен жұмыс жасауды түсіндіріп, тәжірибие алмасты.

Мұғалімдер мен оқушылар мамандарға кері байланыс жасап,алғысымызды айтып,ерекше көңіл күймен қайттық.

Платформаның ерекшелігі мен мүмкіндіктері жайлы айта кетейін.Біріншіден, TOPIQ kz. платформасы өте ыңғайлы, қол жетімді, үнемі қолымызда болатынына көз жеткіздім.

Екіншіден, үй тапсырмаларын орындауға ыңғайлы оқулық беттеріндегі суреттердің бәрі анимация түрінде берілген яғни тақырыптарға байланысты бейнематериалдармен ақпараттар берілген. Жаттығу жұмыстарын орындап, мұғалімге жіберуге болады. Қазіргі білім стандартына сай оқылым,тындалым,жазылым бәрі қарастырылған.

Оқушылардың да,  мұғалімдердің де ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын дамыту қарастырылған. Маңызды мәселе  – платформа олардың бір-бірімен кері байланыс орнатуына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясындағы бірегей интерактивті және мультимедиалық материалдар біріктірілген.

Электронды оқулықтар жеке оқушымен немесе оқушылар тобымен тек сыныпта  ғана емес, басқа да жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп –интернат колледжінде болашақ спортшылар, тренерлер тәлім алады. Демек, TOPIQ kz. платформасы біздің мектеп оқушыларына қажет  екенін түсіндік.

Оқушыларда спорттық жарыстар,жиындар,көп болғандықтан,белгілі сабақ уақытынан босатылады. Оқушылар шетелдедерде жүрсе де, үнемі оқу платформасын пайдаланып,сабақтарын оқып,бағаланып отырады.

Басқа білім платфораларымен салыстырғанда ең бір ерекше тұсы күнделік kz.-пен байланыста болғаны мені қуантты. Мұғалім үй тапсырмаларын оқушыларға саралап беріп отырады.

«Алматыкітап» баспасы ұсынып отырған  TOPIQ kz білім платформасы- отандық бренд.  Аз уақытта отандық заманауи білім платформасы -TOPIQ kz  еліміздің барлық аймақтарындағы мектеп қабырғаларында  тренд болатынына кәміл сенемін.

Үнемі менің қолымда  -TOPIQ

Ұстаздарға көмекші сапалы контент-  TOPIQ

Цифрлық оқулық жеңіл портфель –TOPIQ

TOPIQ-дің сырын ашамыз

Өмірге өнер шашамыз

Асу жоқ біздер алмайтын

Үнемі алға басмыз

Отандық ,заманауи тренд платформа – TOPIQ!

К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп –интернат колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кайрат Кундыз Кайратовна

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *