К.Ахметов атындағы ОРРММИК-ің І тоқсан бойынша кеңесі

Үстіміздегі жылдың 4 қарашасында К.Ахметов атындағы ОРРММИК қабырғасында кезекті педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің күн тәртібі: 1. «Вейп дегеніміз не?» баяндама (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.О. Тулепбекова) 2. І тоқсан бойынша оқушылардың оқу үлгерімі қорытындысы (сынып жетекшілерінің есебі) 3. Жаңадан түскен оқушылардың психологиялық тест нәтижелері (Мектеп психологы Ә.А. Есмағамбеттің есебі) 4. Әртүрлі.

Қойылған мәселелер бойынша баяндамашылар кезегімен тыңдалды. Педкеңесте қатысушылар түрлі пікірлер ұсыну үшін сөз алды. Мектеп психологы Ә.А. Есмағамбет өткізілген тесттің нәтижелерімен таныстырып, оқушылардың талаптарын ескеруді ұсынды. Педагогикалық кеңестің соңында ұжым болып бір ауыздан оқу бөлімі, спорт және тәрбие жұмысы бойынша үшжақты өзара жұмыс жасау жүйесіне келісімге келді. Ұжым бірлігі- жемісті жұмыс кепілі.    

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *