Шәкәрім Құдайбердіұлы 165 жыл!

Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні  Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай 7,8 сынып оқушылар арасында «Шәкәрім ақын шалқарынан» атты дебат өтті!

Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін дамыту, ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің  үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.

Тәрбиелік:

Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың  рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Дамытушылық:

Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.

Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі – Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын

Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық ,

Арам айла,зорлықсыз мал табалық .

Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік ,

Бір білімді данышпан жан табалық.

Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы,терең ойшылы, қоғам қайраткері. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді.

Ұйымдастырушылар:

Тажикова Елисавета Амандыковна – физика пәнінің мұғалімі

Оспанбай Бақытгүл Зәкіржанқызы — кітапханашы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *