Біздің мектеп жылдар бойы тек үздік жеңістің ғана дәстүрі болып қоймай, оны білім беру аясында ең үздік инновациялық үдерісімен байланыстырып отыр. Осы жылдар ішінде мектебімізден 12 медаль иегері мен 1 «Ерекше аттестат» иегері шықты. Олар түрлі салада қызмет атқарса да, спорттан қол үзбей, оны насихаттап жүр. Оқу процесі Қазақстан Республикасы білім министрлігі бекіткен тәртіп пен мемлекеттік стандартқа сай жүргізіледі. Мұғалімдер ұжымында 32 адам бар, олардың ішінде 7-еуі Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, 2-еуі «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісімен марапатталған. Ұстаздарымыздың көбі жоғары және бірінші категориялы (18- жоғары, 5- бірінші категориялы, 6 адам екінші категориялы, 3 мұғалім категориясыз). Оқу процесінің сапалы болуы үшін мектебімізде барлық қажетті жағдай жасалған: 23 оқу кабинеті, қазақ, орыс және шетел тілдерін оқытатын лингафонды кабинет, информатика кабинеті, интерактивті тақтасы бар 3 кабинет, оқу залы бар кітапхана, акт залы бар. Мектеп-интернат-колледжімізде 17 сыныптан жабдықталған 7 мен 11 сынып аралығында 400ден аса оқушы білім алады.